Депутаттар жеке деректердің сақталуына алаңдаулы

Экспресс К

© ЭК

Парламент мәжілісінің депутаттары Ashyq қосымшасын пайдаланатын қазақстандықтардың жеке деректерінің сақталуына алаңдап, оны пысықтауды өтінуде.

"Нұр Отан" партиясы фракциясының атынан Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің атына тиісті депутаттық сауалды мәжіліс депутаты Снежанна Имашева сәрсенбі күні палатаның жалпы отырысында жария етті.

"Ashyq жобасының пилоттық мақсатта жүргізілген екі айлық нәтижелерін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тамаша өтті, деп есеп бергенмен, пайдаланушылар ондай пікірде емес, қосымшаның өзін көпшілік сынға алған. Пайдаланушылар жоба жұмысына қатысты үш мыңға жуық сыни пікірлер, сұраулар мен шағымдар қалдырды", — деді Имашева.

Оның айтуынша," бұл кезекті қосымша дербес деректерді — телефон нөмірі мен ЖСН жинайды және оны бұдан әрі қандай мақсаттарда пайдалануға болатыны белгісіз". Сондай-ақ, қосымшаның қауіпсіздігіне күмән бар. Цифрлық министрліктің мәліметінше, ол әлі ақпараттық қауіпсіздікке қатысты тиісті тексеруден өтпеген, деді депутат.

Имашеваның пікірінше, қосымша адамның нақты мәртебесін көрсетпейді. Мысалы, ПТР тестілеуінің теріс нәтижелері бар пайдаланушылар қосымшада көк түспен белгіленеді, ал олар жасыл түспен белгіленуі тиіс. Бұл қосымша жүгінетін деректер базасының дұрыс еместігін немесе олардың уақытылы жаңартылмағанын көрсетеді.

"Мұндай қателіктер қосымшаны қолданудың мән-мағынасын жоққа шығарады. Сондай-ақ, мәртебесі дұрыс анықталмаған науқас мекемеге кіруі ықтимал, өйткені ПТР тестін ешқашан тапсырмаған және тіпті асимптоматикалық емес адамдар әлі де көк түспен белгіленеді. Сонымен қатар, қосымшаны одан әрі пайдалану және оған қаржылық қолдау жасау тәртібі түсініксіз", — деп санайды депутат.

Осыған байланысты ол министрлік басшысына "пайдаланушылардың ескертулерін ескере отырып, қосымшаны пысықтап, пайдаланушылармен кері байланыс орнату" туралы өтініш білдірді.

"Ashyq" жобасы Қазақстанда COVID-19-ға байланысты карантиндік шектеулер кезеңінде енгізілді. Нысандарға барған кезде "Ashyq" мобильді қосымшасы арнайы QR-кодты жүктеген кезде келушінің ковид-мәртебесін көрсетеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров