ERG: басты міндет - жұмысшылардың қауіпсіздігі

Express Qazaqstan

ERG

Заманауи өндірісте жұмысшылар қалай қорғалады? Отқа салсаң жанбайтын киімдер мен артық жүктемені жеңілдетуге арналған экзосклеттер. Бұл – ERG компаниясының өндіріс қауіпсіздігіндегі атқарып жатқан басты бағытының бірі, -деп жазады «Экспрес К»

Бүгін — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Eurasian Resources Group еңбекті қорғау мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында алдына ауқымды мақсат қойып отыр: ERG құрамындағы кәсіпорындардың ұжымы, яғни Қазақстандағы 60 мыңға жуық қызметкер жылына 365 күн жарақат алмай жұмыс істеуі керек.

Бұл кейінгілерге аманат немесе қол жетпес мұрат емес. ERG құрамындағы кәсіпорындар нақты осы көрсеткіштерге жетуге септесер регламенттер мен стратегиялар әзірлеп, жүзеге асырып жатыр. Мақсат — болуы ықтимал оқыс оқиғаларға мүлдем жол бермеу.

Қатерлерді ескеріп, есепке алу

Қатердің салдарын азайту үшін қауіптің өзін дұрыс бағалау керек. Сол себепті ERG кәсіпорындарында пилоттық режимде қауіпті анықтаудың жетілдірілген жүйесі (HAZID, ағылшын тіліндегі hazard identification) енгізілді. Түрлі кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген 56 маман арнайы оқтылып, сертификаттар алды. 2020 жылы нысандарды зерттеу жұмыстары аяқталып, енді қатерлерді барынша азайтуды көздеген кешенді шаралар жоспары түзілген.

Қауіпсіздіктің ақылды шешімдері

Өндірістегі жүргізушілердің қауіпсіздігін "СКАУТ" автоматтандырылған көлікті басқару жүйесі бақылайды.

Топ кәсіпорындары автопаркінің 20% немесе 277 көлікте ғарыштан бақылау, талдау мен саралау жүйесі орнатылған. Ақылды технология жүргізушінің қылықтарындағы өзгерістерді бақылай отырып, олардың жиілігі мен жол көлік оқиғаларының санын азайтады. Жүйенің жұмысы "көлікке ғарыштан мониторинг жүргізуді қолдана отырып, қауіпсіз басқару" қосымшасына тіркелген.

Суперадамдарға супер қорғаныс

Топта жұмысы денсаулыққа қауіп төндіретін қызметкерлердің жеке қорғаныш құралдарының тұрақты жетілдірілуін қамтамасыз ететін стратегия қабылданған. Бұл металлургтер, эклектр газбендәнекерлеуші, электриктер, қауіпті қышқылдар және ерітінділермен жұмыс істейтін мамандарға қатысты.

ERG металлургтері үшін арнайы киімнің үш түрлі нұсқасы әзірленген. Жұмыс жағдайына байланысты ең жеңіл — мақта мен қағаз аралас арнайы матадан тігіліп, тиісті сіңіру қабылеткі ие. Ол барынша жеңіл қорғанысты қамтамасыз етеді. Екіншісі нақты балқыту пештерінің қасында жұмыс істейтін мамандарға арналған. Бұл идея АҚШ мамандарынан алынды. Атап айтқанда, киімнің негізі материалы — арселон. Ұшақтардың фюзеляжын ішкі жақтан қаптауға кеңінен қолданылатын материал.

— Оның басты ерекшелігі — металдардың басым бөлігі бұл материалға жабыспайды, жай ғана сырғып кетіп отырады, — деді Еуразиялық Топтың жеке қорғаныш құралдары жөніндегі менеджері Игорь Кнестяпин. — Оны тіпті алаудың ішіне салсаңыз да жанбайды. Әрі материалдың бағасы да айтарлықтай қымбат емес. Белорусияда өндіріледі.

Металлургтерге ұсынылатын арнайы киімнің ең ауыр нұсқасы Италия өндірушілері моделі негізінде әзірленген. Ол түгел тек отқа барынша төзімді арамидті матадан тігіледі. Бет жағы жылуды шағылыстырар алюминийден. Ал арқа тұсына алюминий салынбай ауаның өтуіне жол ашады.

Ал, алюминий дивизионының қызметкерлері ерінтілер мен қоқыр қышқылдары ағын түрінде тамса да қорғай алатын арнайы киіммен жабдықталған. Алюминий өндірісіндегілердің аяқ киімдері де қоршаған орта қызуы -40°С ден +300°С аралығындағы ауытқуларына шыдас береді.

Ал мынау — экзоскелет.

"ERG Service" ЖШС құю механикалық цехы мамандарына арналған. Кәсіпорын зауыттарға қажетті ауыр техника — крандар, шөміштер мен жөндеу жұмыстарына қажетті қосалқы бөлшектер шығарады. Цехтағы жұмыс ауыр жүктерді көтеруді қажет етеді. Осы тұста экзоскилет артық жүктемені өзіне қабылдап, қызметкерлерге шамадан тыс салмақ түсуіне жол бермейді.

Қауіпсіз биіктік

Топта биіктегі жұмысты атқару мен ұйымдастыру стандарттары енгізілген.

Қызметкерлер "High Safety" атты заманауи оқу полигондарында оқытылып, тәжірибеден өтеді. Ол біздің кәсіпорындардағы жағдайларға барынша ұқсас етіп жасалған. Арнайы рұқсат алмас бұрын қызметкерлер биікте қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын әбден меңгерулері керек. Бұл өндірістегі жарақат алу мен құлап кету қаупінің алдын алудағы маңызды бастама.

Бұдан бөлек, 2021 жылдың басынан бері кәсіпорындарда карьер техникасында қызметкерлердің биіктен құлап кетуіне жол бермейтін заманауи құралдар жеткізе бастады. Бұл мобильді қондырғылар карьерлердегі экскаваторлар, самосвалдар мен бұрғылау жабдықтарындағы жұмыстарды барынша қауіпсіз әрі жайлы етті.

Жүз рет естігеннен, бір рет көрген жақсы ғой. Ендеше мархабат:

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров