Қымбат көлікті ұрлайтын азамат ұсталды

Оскар БЕК

polisia.kz. 

Алматыда элиталық жол талғамайтын көліктерді ұрлаудың ұйымдастырушысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, автокөлік ұрлаушылар тобының қылмыстық әрекеті өткен жазда тоқтатылған болатын. Сол кезде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылындағы жеке үйлердің бірінің аумағында қаскөйлер ұрланған жол талғамайтын көліктерді жасырып жүрген жер асты бункері табылды.

— Қылмыстық іс бойынша басты күдікті — 1988 жылы туған И.есімді азамат, Түркістан облысының тұрғыны сол кезде қашып кеткен және осы уақытқа дейін ол полициядан жасырынып келген. Алайда, жақында арнайы құрылған жедел-тергеу тобы оны ұстады және қамауға алды. Қазіргі уақытта күдіктіге қымбат көліктерді ұрлаудың жеті дерегі, "Тойота Ленд Крузер" және "Лексус" маркалы көліктер бойынша айып тағылып отыр, — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. Сондай-ақ, спикер күдікті қарақшылық шабуыл, бөтеннің мүлкін ұрлау және қару қолданып бұзақылық жасағаны үшін төрт рет сотталғанын хабарлады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров