Қазақстан
Қазақстанның бірқатар өңірінде бұршақ жауып, үсік жүреді


ulpravda.ru
Қазақстанның бірқатар өңірінде бұршақ жауып, үсік жүреді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады", — делінген 29 сәуір — 1 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамында.
Бөлісу