Қорғаныс министрлігі сарбаздардың тамақтануына қатысты түсініктеме берді

Express Qazaqstan

24.kz

Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың тамақтануына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салайық, әзірленген тағамның сапасына көңілі толмаған әскерилер оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған еді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай 2019 жылы Луговой гарнизонына қарайтын әскери бөлімдердің бірінде болған. Сол жылы тиісті жұмыстар жүргізіліп, тамақтану мәселесі шешілген. "Дегенмен, сарбаздарға арналған ас-судың сапасына қатысты келеңсіз оқиғалар әлі тіркеліп тұрады", — деді ведомство өкілдері.

Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі:

— ҚР Қарулы күштерінде әскери қызметшілерді тамақтандыру конкурсты аутсорсинг арқылы жеңіп алған ұйымдармен жүзеге асырылады. Бөлімдердің басшылығы тамақтандырудың толықтылығы мен оның сапасын бақылауда ұстайды. Өкінішке орай кейбір сапасыз қызмет көрсету жағдайлары орын алуда. Әрбір жағдай талқыланып, тиісті талаптар қойылуда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров