Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орын ашылады

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда тағы бір көпір асты алаңы абаттандырылады! Қабанбай батыр даңғылында Есіл өзенінің жағалауындағы көпірдің астында (Самал шағын ауданы жағынан) көлеңкелі қалқалар, балалар алаңы, демалуға арналған аймақ, қойылымдар/концерттер мен шығармашылық эксперименттерге арналған импровизацияланған сахна, тамақтану орындары және т.б. ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

"Қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, скверлер, бульварлар), аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша жүргізудеміз. Өткен жылы елордада алғаш рет көпірлер астындағы орындар абаттандырылды. Бұл орындар жұртшылықты бірден өзіне баурап алды. Міне, биыл бұл жобамызды кеңейту туралы шешім қабылданды. Енді тағы бір көпірдің астында серуендеуге арналған орын ашылады. Осылайша, бір кездері бос жатқан аумақ тағы бір қоғамдық орынға айналады", — деді Нұрлан Ұранхаев.

Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Жаңа қоғамдық кеңістікті ашудың негізгі идеясы — спортпен айналысу үшін қолайлы атмосфера құру. Басымдық — бұқаралық спортты дамыту.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров