А.Цойды сотқа шақыртуы мүмкін

Express Qazaqstan

ҚР ДСМ

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша онлайн-сот отырысында адвокаттардың бірі қазіргі денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды куәгер ретінде шақыру туралы өтініш білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министр Цойды сотқа шақыру туралы өтінішті адвокат Ерлан Мәкен берді. "Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды басты сот талқылауына куәгер ретінде шақыру мақсатында бұл өтінішті беріп отырмын. Мәселе мынада: жәбірленушінің өкілі, (жәбірленуші тарап — Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі — ред.ескертпесі), статистикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, 100 сұрақтың жартысына жауап бере алмады, бейхабар екенін алға тартуда", — деді адвокат.

Ал жәбірленуші тарап ретінде сотқа қатысып жатқан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі болса, министрді куәгер ретінде шақырудың еш қажеті жоқ екендігін мәлімдеді.

"Өтінішті қанағаттандырудан бас тартуыңызды сұраймын. Қорғалушы тарап сұрақтардың көпшілігіне жауап бермегенімді айтуда. Жауап беруім керек сұрақтарды жазып алдым — министрді шақыру қажет емес, себебі Денсаулық сақтау министрлігі маған мекеменің мүддесін білдіру үшін сенімхат берді", — деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Оралов.

Судья бұл істе Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың да куәгер екенін еске салды. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мен Біртановтың жауаптары сотты қанағаттандырмаса, Цой куәгер ретінде шақырылатынын мәлімдеді.

"Егер сот жауап ала алмаса және министрді шақыру қажет деп тапса, мен өтінішке қайта ораламын. Оның үстіне, біздің куәгерлердің тізімінде бұрынғы министр Біртанов бар, біз оған да осы сұрақтарды қоя аламыз — егер қажет болса, сот қажет деп тапса, біз министрді түсініктеме беру үшін шақыру мәселесіне қайта ораламыз", — деді судья Қанат Дүйсембиев.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров