«Қайрат» АФК Чемпиондар лигасында «Бенфиканы» жеңді

Express Qazaqstan

massaget.kz

Алматылық «Қайрат» футзал командасы Еуропадағы көшбасшылығын «Бенфиканы» жеңу арқылы дәлелдеді.

Хорватияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалында алматылық клуб португалиялық "Бенфикамен" кездесті. Үзіліске дейін командалар бір голдан алмасты. 16-минутта Гадея "Қайратты" алға шығарды. Бірақ Жезуш бірден таразы басын теңестірді.

Екінші таймда жанкүйерлер тағы екі гол көрді. 31-минутта Эдсон алматылықтарды тағы да алға шығарды. Бірақ бір минуттан соң Игита қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Салдарынан көп ұзамай Бриту есепті теңестірді.

Осылайша, матч овертаймға жалғасты. Бұл тұста "Қайрат" қарсылас қақпасына жауапсыз төрт гол тоғытты. Дәурен Тұрсағұлов, Гадея, Фернандиньо және Біржан Оразов көзге түсті.

"Қайрат" — "Бенфика" 6:2

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров