Ресейлік натуралист «Барсакелмес» аралына барды

Express Qazaqstan

Барскакелмес аралындағы метеостанция терезесінен көрініс (Евгения Тимонованың суреті)

Натуралист өзінің саяхаты туралы youtube-каналында айтып берді. Оның Барсакелмес аралына сапары кезінде күннің ыстығы 38 градусқа дейін көтерілген,-деп хабарлайды «Экспрес К»

Оның айтуынша, ол жерде ғылыми жұмыстар жүргізген бұрынғы бекетте құрғап кеткен құдық, дат басып тозығы жеткен бірнеше трактор мен экскаватордың қаңқалары, зерттеушілер мен студенттер өмір сүрген метеорологиялық мұнара және алты үй қалған.

Белгілі болғандай, қолмен жазылған метеорологиялық есептер, жетпісінші жылдардағы ветеринарлық мерзімді басылымдар, сол кездегі партиялық түрлі келісім құжаттары, 1966 жылы шыққан "Қазақстанның ауыл шаруашылығы" журналы секілді ескі дүниелер әлі күнге дейін шкафтар мен үстел үсітнде жатыр.

Бір кездері шалқыған теңіз ортасындағы арал қазір шаңы бұрқыраған мекенге айналған, өткен өмірдің қурап қалған жапырақтары.

дейді Тимонова.

Аралдағы жан-жануарлар натуралистен еш үрікпеді де қашпады. Олар ешқашан адам баласын бұрын-соңды көрмегендей. Сондықтан, кірпі мен қосаяқтың еш жатырқамағы содан болса керек.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров