Сегіз дана снаряд табылды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының тұрғыны сегіз дана снаряд тауып алып, жергілікті полицияға тапсырды, -деп хабарлайды «Экспресс К» жергілікті полция департаменті таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Нақтырақ айтқанда Темір ауданының 46 жастағы тұрғыны балық аулай барып, артиллериялық снарядтарды тауып алған. Қазір табылған жарылғыш заттар сараптамаға жіберілді.

Полиция дептартаментінің хабарлауынша, заңсыз сақталған қару-жарақтар мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған тұрғындар ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, өңірде қару сатып алу арнайы шарасы өтіп жатыр.

ПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров