Полиция өзінің әріптесін атып тастады

Express Qazaqstan

123ru.net

Оқиға 27 сәуір күні түн ортасында Алматы облысы Райымбек ауданында болған. Аудандық ішкі істер органының бір қызметкері өзінің әріптесін табельдік қаруымен атып тастады, - деп хабарлайды «Экспресс К».

Бұл жайында Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев Facebook парақшасында жазды.

Оқыс оқиғаға екі қызметкер арасындағы жанжал сеп болған. Салдарынан жамбасынан оқ тиіп жарақат алған учаскелік инспектор Нарынқол ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Қазір мән-жәй анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-тармағы кісі өлтіруге оқталу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Сонымен қатар, жедел қызметтегі кемшіліктер мен жеке құрамды бақылау ісін әлсіреткені үшін аудандық ішкі істер бөлімінің сыртқы қызметіне жауапты бірінші орынбасар жұмысынан босады. Өзара әріптестік жанжал жасаған қызметкерлер де теріс әрекеттері үшін жұмыстан шығарылды, сондай-ақ, бірқатар жауапты лауазымдағылар да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", — деп жазды Серік Күдебаев.

Серік Күдебаевтың айтуынша, Қазір зардап шеккен инспектордың жағдайы тұрақты. Алматы облысының полиция департаментінің басшылығы өз қатарларында заңдылық пен тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды қабылдайды. Әрбір заң бұзушылыққа баға беріліп, ішкі істер органдарынан жұмыстан босатуға дейін шара қолданылады.Қызмет бабында жеке бас мәселесін шешуге жол берілмейді, — дейді облыстық полиция департаментінің бастығы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров