Отандық вакцинаны 9 мыңдай адам салғызды

Express Qazaqstan

ашық дереккөз

Отандық препаратты үш күнде 9 мыңға жуық қазақстандық егіп үлгерді. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді,- деп хабарлайды "Экспресс К" Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Еске салсақ, QazVac вакцинасы үш күн бұрын жеткізілген болатын. Жалпы, бүгінгі күнге дейін елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салғандар саны 1 млн 205 мың адамнан асты.

"Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салғызғандар санының арта беретінін ескерсек, вакцинация паспортына ие болудың да артықшылығы ұлғая беретіні түсінікті. Мәселен, вакцина салған, вакцинаның толық курсынан өткен адам шетелге барарда немесе ел ішінде жолға шыққанда, одан алдағы уақытта ПТР-анықтама талап етілуі міндетті болмайды", — деді Айжан Есмағамбетова.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров