Қазақстан
COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 316965, ЖАЗЫЛҒАНДАР 271289, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 3638


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 883 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады бейсенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір тәулік бұрын республикада COVID-19 оң ПТР көрсеткен 2 мың 682 жағдай анықталды, 22 адам қайтыс болды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласында — 44 562 (+584),
- Алматы қаласында — 53 144 (+695),
- Шымкент қаласында — 9226 (+114),
- Шығыс Қазақстан облысында —24 745 (+92),
- Қарағанды облысында — 23 100 (+258),
- Атырау облысында — 21 783 (+110),
- Павлодар облысында — 20 527 (+112),
- Алматы облысында — 20 944 (+185),
- Батыс Қазақстан облысында — 19 030 (+153),
- Ақмола облысында — 18 146 (+140),
- Қостанай облысында — 14 683 (+25),
- Солтүстік Қазақстан облысында — 13 939 (+27),
- Ақтөбе облысында — 8984 (+128),
- Жамбыл облысында — 7737 (+79),
- Маңғыстау облысында — 5618 (+62),
- Түркістан облысында — 5370 (+42),
- Қызылорда облысында — 5427 (+77).
ВАК мәліметінше, республикада пандемия басталғаннан бері 271 мың 289 адам коронавирустық инфекциядан емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 2 мың 850 адам.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19-дан 17 адам қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустан 3 мың 638 адам қайтыс болды.
Бөлісу