Чемпиондар лигасы. "Манчестер Сити" бірінші ойында жеңіске жетті

Express Qazaqstan

© AP

UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалында "ПСЖ" (Франция) мен "Манчестер Сити" (Англия) арасындағы бірінші ойын аяқталды. Париж қаласында өткен кездесуде қонақтар 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде "ПСЖ" Франциялық клуб алғашқы болып есеп ашты. 15 минутта Маркиньос өз командасын алға шығарды. Ағылшындық "Манчестер Сити" клубы бірінші таймда таразы басын теңестіре алмады.

Екінші кезеңде "Манчестер Сити" таразы басын теңестірді. 64 минутта Кевин де Брейне таразы басын теңестірсе, араға 7 минут сала Рияд Марез ағылшындық клубты алға шығарды.

Осылайша "Манчестер Сити" қарсыласын 2:1 есебімен басым түсті. Екі команда арасындағы қарымта кездесу 4 мамырда өткізіледі.

UEFA Чемпиондар лигасының финалы 29 мамырда Түркияның Стамбул қаласында

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров