COVID 19 жұқтырған 760 адамның жағдайы ауыр

Express Qazaqstan

© ТАСС

Коронавирус жұқтырған 760 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

29 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 526 адам коронавирус инфекциясынан (42 038 КВИ+ және 488 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 709 пациент стационарда, 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 760 адамның жағдайы ауыр;

• 199 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 114 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров