Қарт адамды қарақшы тонап кетті

Қуаныш РАХМЕТ

mordovmedia.ru

Екібастұз қаласында зейнеткерді қарақшы суық қарумен қорқытып, бар жиған-тергенін тонап кетті, деп хабарлайды Экспресс К Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам зейнет жасындағы әжейдің үйіне басып кіріп, пышақпен қорқытып, ақшасын, телефонын алып кеткен.

"Пышақпен қаруланған ер адам үйдің ауласында кіреберіс есіктің ашылуын күтіп тұрып, 76 жастағы әйелдің жартылай ашық тұрған пәтеріне кірген. Қылмыскер 110 мың теңге көлеміндегі қаражат пен Nokia ұялы телефонын, бір бума кілтін алып кеткен. Жедел қызметкерлер шабуылдаушының Екібастұз қаласының 40 жастағы тұрғыны екенін анықтады", — дейді облыстық ПД криминалдық полиция бөлімінің бастығы Балғабай Қапаров.

Бақылау камерасындағы жазбаны тексеру арқылы және көршілердің баяндауымен күдікті тез құрықталды. Қазір ол Екібастұз қаласындағы уақытша қамау абақтысында отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров