Қазақстан
Коронавирус: «Қызыл» аймақтағы өңірлер саны азайды


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша еліміз өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29 сәуірдегі мәлімет бойынша: "Қызыл" аймақта — Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта — Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары тұр.
"Жасыл" аймаққа — Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.
Айта кетейік, 28 сәуір күні коронавирус ахуалын бағалау матрицасында Маңғыстау облысы "қызыл" аймақта орналасқан болатын.
Бөлісу