Дина Таңсәрі ер адамның 15 жасар қызбен жазысқан хатын жариялады

Express Qazaqstan

facebook.com

Ол қызды «жабылып зорлаймыз» деп қорқытқан.

Павлодар облысында оқушының анасы жалғыз қызына бір тұрғынның қыр соңынан қалмай тиісіп жүргені туралы "Не молчи" қорына хат жазған. 52 жастағы әйел оны жалғыз өзі тәрбиелеп отыр екен.

Бәленің бәрі қыз 6-сыныпта оқып жүргенде басталған. Жігіт оған мектептен қайтып келе жатқанда тиіседі екен. Сол 29 жастағы азамат кейін қызды әлеуметтік желіден тауып алып, хат жаза бастайды. Оқушы оны бұғаттап тастаса, ол басқа аккануттан жазуға көшеді. Қыз жайына кетер деген оймен оған ақша беретінін айтады. Жігіт ақшаны алып, хат жазуды қойған. Бірақ онысы ұзаққа созылмады. Біраз уақыт өткен соң қайтадан шыға келген. Тағы ақша алғаннан кейін тағы біраз уақытқа жоқ болады. Сосын қызды қайтадан аңди бастайды. Анасының айтуынша, осыдан кейін оқушы мектепке барудан, үйде жалғыз қалудан қорқатын болған.

Полициядағылар оған ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы ("Қорқыту") қолданылуы мүмкін екенін айтқан. Ал бұл бап бойынша 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, екі айға дейін қамау немесе түзеу жұмыстарына жіберу қарастырылған.

"Сонда ол айыппұлын төлеп қойып, біреуді зорлағанға дейін жасөспірім қыздарды азғырып жүре бере ме?"

депті шағымданған әйел.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров