Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Экспресс К

pixabay.com

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

"Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалы Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райыны анықтайтын болады, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Тек Қазақстанның баысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман түседі", — делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+19 жылы, түнде +8+10 шамасында.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +15+17 шамасында.

Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с жетеді, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +14+16.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28 (+18), түнде +10+15 (+5).

Ақтөбе облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +13+18 (оңтүстігінде +22), түнде +2+7 (оңтүстігінде +11).

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +17+22 (+14), түнде +6+11 (+3).

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +31+36 (+26), түнде +13+18 (+9).

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18, түнде +2+7.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +32+37 (+22+27), түнде +11+16 (+19).

Қызылорда облысында жаңбыр жауып, күн күнкірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +22+27 (+30+35), түнде +14+19 (+10).

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +11+16, түнде 0+5.

Қостанай облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде қатты күн күркірейді, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15 (оңтүстігінде +18), түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).

Қарағанды облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25 (оңтүстігніде +29), түнде +10+15 (оңтүстігінде +5).

Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +29+34 (+25), түнде +12+17 (+8).

Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндіз +21+26, түнде +10+15.

Павлодар облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +5+10.

"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының маңындағы Есіл өзенінде су деңгейінің аздап көтерілуі күтіледі", — деп ескертті синоптиктер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров