Балаларды көлік қағып кету оқиғасы бойынша іс сотқа жолданды

Экспресс К

politeka.net

Алматы облысында балаларды көлік қағып кету оқиғасы бойынша іс сотқа жолданды, -деп хабарлайды "Экспресс К" облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігіменғ яғни абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баппен ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Автокөлік құралының жүргізушісі қамауға алынды, барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, тергеу процесстік мерзімде аяқталды", — делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, Биыл 2 наурыз күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 8 бен 9 жастағы 4 оқушыны қағып кеткен болатын. Салдарынан 3 қыз емдеу мекемесіне жатқызылды.

Кейін, алған жарақаттардан екеуі көз жұмды. Қайғылы жағдайды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауына алып, тергеу істерін тиісті органдарға нақтылап тапсырған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров