Героин тасымалдаған автобус жолаушысы ұсталды

Express Qazaqstan

polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері героин тасымалдаған автобус жолаушысын ұстады, – деп хабарлайды "Экспресс К" Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. Жергілікті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына белгісіз біреуден есірткіге байланысты арыз келіп түскен.

Облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы аясында қызметкерлерінің тәжірибелі тәртіп сақшылары қатарынан қылмысты ашуға бағытталған шаралар ұйымдастырылды. Олар Шымкент-Самара тас жолының бойында жүріп жатқан автобус көліктерін біртіндеп тексере бастайды. Тексеру кезінде Алматы-Түркістан бағытында келе жатқан автобустағы жолаушы әйел күдік тудырады. Осылайша жедел шаралардың нәтижесінде әйелдің сөмкесінен қағазға оралып, полиэтилен пакетіне салынған ақ-сұр түсті есірткіге ұқсас ұнтақ табылды.

ҚР ҚК-нің 297-бабы яғни, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеру басталды. Полицейлер тәркіленген айғақты затты сараптамаға жолдады. Оның қорытындысы бойынша есірткіге ұқсас заттың жалпы салмағы 60 грамға жуық "героин" екені анықталды. Яғни героиннің бұл салмағы 300-ге жуық адамның бір реттік дозасы екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті әйел бірден қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы оқиғаның толыққанды мән-жайын анықталады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров