Бас шаһарда 100-ден астам көше жөнделеді

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Нұр-Сұлтанда ауа-райының жылынуымен жол жұмыстары қайта жанданды. Биыл барлығы 100-ден астам көше жөнделіп, кейбірін жаңадан салу жоспарланып отыр, -деп хабарлайды «Экспресс К» шаһар әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдағыдай, қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй массивтеріне, әлеуметтік нысандарға және қозғалыс қарқындылығы жоғары көшелерге апаратын жолдарға баса назар аударылатын болады.

2020 жылы елордада 173 көше, оның ішінде қаланың тұрғын үй алаптарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында төрт мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Сапасыз жөндеу жұмыстары, құрылысы қабылданбайды. Мұндай жағдайда мердігерлер өз есебінен қайта жөндеп, қалпына келтіретін болады. Ал өз жұмысына бей-жай қараған мердігерлер ісі сотқа берілетін болады. Ары қарай қара тізімге енгізіледі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров