Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай ушықты

Express Qazaqstan

© Sputnik

Бейсенбі күні таңертең қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдай нашарлады, атыс қаруы қолданылды, Қырғызстан азаматтары арасында жараланғандар бар, -деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

29 сәуір таңға қарай Қырғызстанның Баткен облысы Баткен ауданының Кочо-бою деген жерінде жағдай ушығып кетті", — делінген хабарламада. Тәжікстан тарапы Қырғызстан азаматтарының көліктеріне аңшылық мылтықтан оқ жаудыра бастаған. Сонымен қатар, қырғыз шекарашылары атап өткендей, Қырғызстан азаматтарының арасында жаралылар бар.

Бейсенбі күні Қырғыз тарапы қақтығыс кезінде үш қырғызстандық дене жарақатын алды деп мәлімдесе, тәжіктің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өз тарапынан осы қақтығыстан зардап шеккен жеті адам туралы хабарлады.

Қақтығыстың себебі тәжік тарапының электр беру желілерінің бағаналарына бейнебақылау камераларын орнатуы болды. Ал, Қырғызстан шекара отряды мен Баткен облысы бойынша ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бұл жұмыстарды тоқтата тұруды талап еткен.

Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік бөлігі жергілікті тұрғындар немесе екі елдің шекарашылары арасындағы қақтығыс аймағына айналды. Негізгі себеп-мемлекеттер арасындағы шекара қай жерде өтетінін учаскелер белгіленбеген. Қырғызстан МҰҚК деректері бойынша Тәжікстанмен жалпы шекара 972 км құрайды, оның ішінде 519 шақырым келісілді, 375-і әлі келісімге келмеген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров