Павлодар
Қылмыстық топ мемлекетке 2 млрд теңге шығын келтірді


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 2 миллиард теңге шығын келтірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық экономикалық тергеу басқармасының мәліметі бойынша, ведомство іс жүзінде жұмыс жасамай шот-фактуралар шығарумен айналысқан деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Заңсыз қызмет бақыланатын 17 жалған кәсіпорынның атынан жүзеге асырылған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 2 миллиардтан астам теңге көлемінде шығын келтірілді
Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен ұйымдастырушы мен қатысушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу