Итбалықтың боздағы теңізге жіберілді

Қуаныш РАХМЕТ

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында итбалықтың бір ай бойы арнайы орталықта бағылған боздағы (баласы) Каспий теңізіне жіерілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Экспресс К «Qumash» телеграм тобына сілтеме жасап.

Бүгін Каспий теңізіне жан-жануарларды қорғау мекемесіннің мамандары итбалықты теңізге жіберді. Наурыз айынының басында Баутина ауылынынң маңынан табылған итбалықты тұрғындары тиісті мекемеге хабарлаған. Екі күн жатып қалған итбалықтың боздағы (баласы) Ақтау қаласындағы зерттеу және оңалту орталығына жеткізілгенде тым әлсіз болыпты. Салмағы 5 келіге де жетпеген ескекаяқтылар тұқымына жататын сүтқоректіні орталық мамандары күтімге алып, салмағы 18 келі тартқан. Өздігінен балық та ұстап жей алатын жағдайға жеткен соң, Каспий теңізіне жіберілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров