Алматы

Жүк тиегіш шағын трактор баланы басып кетті

Экспресс К

© Sputnik

Алматыда үш жасар баланы шағын жүк тиегіш басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қайғылы оқиға 28 панфиловшылар саябағында болған. Үш жасар бала шіркеудің алдында көгершіндермен ойнап жүрген. Осы кезде саябақпен келе жатқан жүк тиегіштің жүргізушісі оны басып кетті. Ер адам бұл оқиғаның қалай болғанын өзім де түсінбедім дейді.

2018 жылы туған бала жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров