Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

Express Qazaqstan

inbusiness.kz

Алматы қаласы , Медеу ауданы судьясы Светлана Жолманова парамен ұсталды. Бұл жайын белгілі блогер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды «ЭкспрессК» inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлаған 8 жастағы баланың жағдайы ауыр. Сәтбаев қаласында 2013 жылғы бала 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Балқаш қаласында дәл осындай оқиға болды, -деп хабарлайды "ЭкспрессК" Атамекен business арнасына сілтеме жасап.

4 жастағы екінші бала 2-қабаттағы үйдің терезесінен құлаған. Екі баланы да жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізді. Екеуі де ауруханада ем алып жатыр. 8 жастағысының жағдайы ауыр. "Бала терезенің алдына шыға алмау үшін терезе алдындағы немесе жанындағы жиһаздарды алып тастаңыздар. Москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғануға арналмаған. Балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз. Терезелердің қауіптілігі туралы балаларға түсіндіріңіз. Егер бекіткіш құрылғыны орнату мүмкін болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда ғана орнатыңыз", — деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров