Алматы соты судьядан млн-даған доллар тәркіленді деген ақпаратты жоққа шығарды

Express Qazaqstan

facebook.com

Алматы қаласының соты ұсталған судьядан ірі көлемде қаржат тәрікіленді деген ақпаратты жоқ шығарды, -деп хабарлайды "Экспресс К".

"Әлеуметтік желілерде таратылған Алматы қаласы бойынша Медеу аудандық сотының судьясы С.Жолмановадан нақты ақша қаражатын алу туралы ақпарат ("кабинеттен 4500$ табылды. Үй тінтуден 2 800 000$ табылды . Авто көлігінде 600 000$ . Мөлшерімен құрылыс салушыдан пара сомасы 1 180 000$) * бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді",-деп жариялады қалалық сот.

Ақпарат ретінде қызметтік кабинеттен 10.000 АҚШ доллар алынғанын, судьяның үйінен ештеңе алынбағанын хабарлаймыз.

Судьяның өкілеттігі ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен тоқтатылды.

Алматы қалалық соты жалған ақпарат таратумен айналысатын адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Алматы қаласының Прокуратурасына жүгінді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров