Қазақстан жерін бірнеше шетелдік компания жалға алған

Қуаныш РАХМЕТ

Pixabay.com

ҚР Ауылшаруашылығы министрі Сапарған Омаров Қазақстанда жеті шетелдік компания жерді жалға алғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К сайты. Сенат отырысында ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаровтің сөзіне сілтеме жасап.

Елімізде жалпы аумағы 74,4 мың гектар жерді жеті бірдей шетелдік компаниялар жалға алып отырғанын мәлімдеді. Министр келтірген мәліметтерге сүйенсек, жеті компания бес облысымыздан жерді жалға алып отыр. "Жалға алған ждерлердің ішінде Жамбыл облысында 5,9 мың гектар ауылшаруашылығы мақсатына пайдаланатын жерді бір кәсіпорын, Павлодар облысында 32,2 мың гектар жерді бір кәсіпорын, Атырау облысының ауылшаруашылығына пайдаланатын 1,6 мың гектар жерін бір кәсіпорын, Ақмола облысының 34,7 мың гектар жерін төрт кәсіпорын, Шығыс Қазақстанда 14,9 мың гектар жерді бір компания жерді жалға алған" деді Сапархан Омаров. Бұл компаниялардың жерді жалға алу мерзімі 2020-2025 жылдары аяқталады. Министр одан кейін қайта жалдауға яғни шетелдіктерге Қазақстан жерін тағы да жалдап пайдалануға рұқсат берілмейтінін айтты.

"Жалдау мерзімі аяқталған соң жалдау шарттары жаңа мерзімге ұзартылмайды, өйткені бүгін талқыланып жатқан заң жобасы шетелдік жер пайдаланушыларға және әртүрлі бірлескен кәсіпорындарға жер беруге толық тиым салуцды көздейді" деді ведоство басшысы.

Бүгінгі Сенат отырысында сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жерқатынастары мәселделері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров