Қуатты да, мығым компания

Express Qazaqstan

ERG

ERG құрамындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында жабдықтар мен техникалардың жаңалануы әлі де жалғасуда. Мұндағы шихта дайындау цехында жаңа электр көпірлі кранды құрастыру жұмыстары аяқталуға жақын. Қуатты қондырғыны Еуразиялық Топ құрамындағы кәсіпорынның бірі – «ERG Service» ЖШС мамандары жасап шыққан, -деп хабарлайды «Экспресс-К»

Ферроқорытпа пештеріне шикізат дайындайтын цехтың екі бөлімшесіндегі электр көпір крандарының жедел әрекетінсіз бүгінде балқыту цехтарының жұмысы жүйелі бола алмайды. Жүктеменің негізгі салмағы да осы машиналарға тапсырылады. Олар күн сайын мыңдаған тонна жүк тасымалдайды. Көтергіш машиналардың техникалық жағдайын бақылап, оларға уақытылы техникалық қызмет көрсетіп, дер шағында жаңартуы да содан.

— Соңғы алты жылда кәсіпорынның кран қондырғылары 80%-ке жаңартылды. Бұл өндіріс үшін осы маңызды машиналардың техникалық жағдайын жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді, — деді жүккөтергіш механизмдерін қадағалау жөніндегі маман Евгений Дорогобид.

Цехқа әкелінген су жаңа жылтырап тұрған техника инвестициялық бағдарлама шеңберінде сатып алынды. Арқауының өту аралығы –28 метр, негізгі және қосалқы көтергіш 16 тонна жүкті іліп алады. Арнайы жүйе қарсы ағындарда жұмыс істеуге жол бермейді.

Машина заманауи көпфункционалды джойстектермен басқарылады. Олардың жоғары сезімталдығы машинистке барлық технологиялық операцияларды дәл орындауға септеседі. Қауіпсіздік деңгейі де жоғары. Аралық шекті ажыратқыштар жылдамдықты автоматты түрде азайтады. Содан кейін машинаны жұмыс нүктесінің жанына баяу ғана тоқтады. Дәл осы жүйе жүктің қозғалуына және қатты шайқалуына жол бермейді. Бұл кран механизмдерін, металл құрылымдары мен рельстерді динамикалық жүктеуден қосымша қорғайды.

Жыл соңына дейін зауыт цехтарында тағы екі кранды құрастырып, іске қосу жоспарланған. "ERG Service" ЖШС-нің жаңа көтергіш машиналары бірінші құю аралығында және алтыншы балқыту цехының пеш аралығынан бой көтермек.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров