Жаңа сипат алған «Экпресс К» сайты оқырмандарын қалай қуантады?

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Осы аптада «Экспресс К» өз тарихында төртінші рет қайта түлеп - exk.kz деген жаңа атаумен ғаламторға шықты. Оның бұрынғы нұсқадан түбегейлі өзгергені туралы «Aitu Dala» әзірлеуші компаниясының медиа директоры - Александр Надуев айтып берді.

Сайттың жаңа нұсқасының ерекшелігі бұрынғысынан қарағанда көрер көзге қарапайым. Әзірлеуші компания интернет басылымының жаңа сайтын құру үшін көп жұмыстар атқарды. Сондықтан редакция алқасы сайттағы басымдыққа ие, әрі маңызды деген материалдарды жекелеп көрсете алды. Дегенімен, сайтты пайдаланушының нені оқитындығы редакцияның таңдауымен шектелмейді.

Aitu Dala медиа директоры Александр Надуев
Aitu Dala медиа директоры Александр Надуев

"Оқырман жарияланымдарды оқудың жеке тәжірибесіне сүйене отырып, өзіне қызықты мазмұнды ғана таңдай алады. Осындай ұсыныстар жүйесін сайтқа енгіздік,- дейді Александр Надуев. — Қазіргі енгізген бағдарлама пайдаланушының мазмұнмен өзара қарым-қатынасын зерттеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде алдағы кездері оқырмандардың өз қалауына негізделген материалдар ұсынылады.

"Экспресс К" оқырмандары байқап үлгергендей сайт енді қазақ және орыс тілінде шығады. Тиісінше, оның мазмұны тереңдеп, оқырманы көбейеді.

"Aitu Dala" мамандары интернет басылымда жарық көретін, жазбалардың, пікірлердің, сұхбаттардың, фоторепортаждардың, ұзақ ізденістегі журналистер материалдарының, яғни лонгридтердің сан-алуан болатындығына көз жеткізді. Айта кетерлігі материалдарды қазір іздеу жолағынан ғана емес, сонымен қатар тақырыптық ТЕГТЕР арқылы да оңай табуға болады.

Сапалы мазмұнды жылдам құру үшін сайттың басқару панеліне де өзгерістер енгізілді.

Редакция деген — бұл үлкен организм іспеттес, мұнда әркімнің өзіндік атқаратын міндеті барын білеміз. Енді сайттың "әкімшілік аймағында" қызметкерлердің жеке-жеке интерфейсі бар, сондықтан олар қажетсіз нәрсеге артық алаңдамауы керек, — дейді Надуев. Әрбір материал баспадағыдай сайтқа жарияланбас бұрын журналистен бастап бас редакторға дейінгі аралықтағы барлық дайындау процесінен өтеді. Сондай-ақ, қандай мақала редакцияға кірікті-кірікпеді, соны анықтайтын талдау жүйесі құрылды.

Қазақстандағы бұрыннан белгілі басылымды жаңартуда жасалған техникалық шешімдер мен мүмкіндіктер мұнымен әлі тоқтаған жоқ. Алдағы уақытта оқырмандар қатары артатыны тағы хақ. Себебі, болашақта "Экспресс К" веб-сайтын танымал мессенджерлермен біріктіру жоспарланып отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров