Маңғыстауда кісі өлтірген күдікті ұсталды

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Маңғыстауда әйел адамды өлтіріп, 3 млн теңгесін алып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 25 сәуірде Ақтау қаласының 5 шағын ауданындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен әйелдің мәйіті табылған болатын. Сонымен қатар, оқиғаны тергеп-тексеру барысында "Kaspi Gold" картасынан үш миллион теңге сомасындағы ақша қаражатының жоғалғандығы анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тінту кезінде полицейлер одан 2 миллион 500 мың теңге ақша қаражатын тәркіледі.

Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы негізінде Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров