Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Express Qazaqstan

pixabay.com

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

"Атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы тұрақсыз болады, республик абойынша кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, ҚР тек батыс жартысы ғана антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, солтүстігінде тұман түседі", — делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+15 жылы, түнде +3+5 шамасында.

Алматыда құбылмалы бұлтты, кешке қарай аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +17+19 шамасында.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан екпіні 8-13 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +17+19.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22 (+12), түнде +10+15 (+5).
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18 (оңтүстігінде +21), түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +17+22, түнде +5+10.

Жамбыл облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, бұршақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30 (+22), түнде +13+18 (+10).

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, тұман, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз +11+16, түнде 0+5.

Түркістан облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді, шаңды дауыл соғады. Күндіз +23+28 (+20), түнде +17+22 (+14).

Қызылорда облысында жаңбыр жауып, күн күнкірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +12+17.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +12+17 (оңтүстігніде +20), түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).

Қостанай облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде қатты күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +11+16, түнде 0+5.

Қарағанды облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18 (оңтүстігніде +23), түнде +5+10 (оңтүстігінде +13).

Алматы облысында күндіз өткінші жаңбыр жаады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +29+34 (+25), түнде +14+19 (+11).

Маңғыстау облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндіз +21+26, түнде +10+15.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз, түнде өткінші жаңбыр жауады, тұман түседі. Күндіз +14+19, түнде +3+8.

"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Сергеевский су қоймасының төменгі жағында Есіл өзенінде су деңгейінің аздап көтерілуі жалғасады", — деп ескертті синоптиктер

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров