Шымкент пен Ақтөбе облысы "қызыл" аймақтан шықты


©ЭК/Андрей ХАЛИН
2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Шымкент пен Ақтөбе облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.
30 сәуірдегі мәлімет бойынша:
"Қызыл" аймақта — Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта — Шымкент қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары тұр.
"Жасыл" аймаққа — Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.