Қырғызстан мен Тәжікстан бірлескен жұмыс тобын құратын болды

Express Qazaqstan

© Sputnik

Қырғызстан мен Тәжікстан Баткен облысы мен Соғдия облысы арасындағы шекара учаскелерінде болған қарулы қақтығысты реттеу жөніндегі хаттама мен мәлімдемеге қол қойды.

Мәлімдемеде екі тараптың бастамасы бойынша құрылған шекара аумағындағы қарулы қақтығысты реттеу жөніндегі комиссияның келеңсіз оқиғаның себеп-салдарын талқылағаны туралы айтылған.

Knews-тің хабарлауынша, тараптар мына мәселелер бойынша келісімге келіпті:

— қарулы қақтығысты тоқтату;

— жеке құрам мен әскери техниканы тұрақты орнына алып кету;

— шиеленістің өршуіне жол бермеуге қатысты шараларды қабылдау;

— қабылданған шараларды толық жүзеге асыру мақсатында екі елдің құқық қорғау органдары мен атқарушы билік қызметкерлерінен тұратын бірлескен жұмыс тобын құру;

— келіссөздердің екі ынтымақтас халық пен мемлекеттің мүддесіне сай нәтижелі жүргізілуіне ыңғайлы жағдай жасау.

Айта кетейік, кеше кешке Қырғызстан мен Тәжікстан бітім жасауға келіскен еді.

Қақтығыстың өзі де кеше басталған. Қырғызстандағы тәжік анклавындағы тоғанға барған қырғыздар мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал шығыпты. Мұнда жылда көктем мен жаз сайын, яғни ауыл шаруашылығы жұмыстары қызу жүріп жатқан кезде су үшін осындай текетірес болады.

Артынан жанжалға екі жақтың да шекарашылары араласып, содан атыс басталған. Соның салдарынан екі тараптан бірнеше адамның қаза тапқаны туралы айтылуда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров