2 мың сақшы тәртіпті қадағалауға жұмылдырылған

Оскар БЕК

polisia.kz

Алматыда күніне екі мыңнан астам полицей құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, – деп хаарлайды Polisia.kz

Алматыда қоғамдық тәртіпті күзетуге екі мыңнан астам полиция қызметкерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілері кіріседі. Олар 550 патрульдік: 300 автокөлік және 250 жаяу бағыттарды жауып тастайды

— Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсететін бір қоғамдық қалыптастыру мен түрлі ұйымдардың жеті ұжымы белсенді қатысуда. Олардың қатысуымен ағымдағы жылдың үш айында 42 қылмыстың беті ашылды, 2 мың 757 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жедел жағдайды қадағалау, қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қалада құқық бұзушылықтардың алдын-алу және ашу үшін 121 мың 860 бейнебақылау камералары қолданылады, — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров