Қар барысының алғашқы фотосуреттері алынды

Express Qazaqstan

instagram.com / katonkaragayskiignpp

Катонқарағай ұлттық паркінің Сарымсақты жотасынан қар барысының алғашқы фотосуреттері алынды,-деп хабарлайды «Экспресс К» . Фото ұлттық парктің инстаграммдағы парақшасында жарияланды.

Panthera uncia қар барысы (Schreber, 1775) — Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына және Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген сүтқоректілердің сирек кездесетін түрі. Өткен жылы жануарларлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің бастығы Ерік Қасымов "Әр түрлі пайда алу үшін негізгі ғаламдық маңызы бар экожүйелерді сақтау және орнықты басқару" жобасын іске асыру барысында БҰҰДБ-дан алынған фототұзақ орнатты.

Бір жылға жуық уақыт жұмыс істеген фототұзақ, Алтай орманшылығының аумағында қар барысының түнгі өткелін түсіріп алды. Бұл Сарымсақты жотасынан алынған алғашқы фотосурет. Бұған дейін ұлттық паркте қар барысының фотосуреттері мен бейнелері Алтай Тарбағатай жотасынан алынған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров