Қазақстан
ДСМ: шетелдік студенттер мен еңбек мигранттарына вакцина тегін егіледі


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Қазақстанда үш айдан астам уақыт жүрген шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары COVID-19-ға қарсы тегін егіледі, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
"Кеше ғана коронавирустық инфекцияға қарсы іс — қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында үш айдан астам уақыт ел ішінде болған шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары да жалпы ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін тегін егіледі деген шешім қабылданды", — деді Цой жұма күні халықпен есеп беру кездесуінде.
Сондай-ақ, министр қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы вакцинация Қазақстан азаматтары үшін де, Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтар үшін де тегін жүргізілетінін еске салды.
Бөлісу