Браконьерлер жарты тоннадан астам балықты заңсыз аулады

Express Qazaqstan

ДП баспасөз қызметі

Түркістан облысында «Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасы 8 сәуірден мамыр айының соңына дейін жалғасады. Соңғы үш апта ішінде полиция 10 экологиялық қылмыстың бетін ашты, оның алтауы заңсыз балық аулауға қатысты.

Заңсыз ауланған 560 келі балықтан басқа, браконьерлерден түрлі аулау құралдары, оның ішінде пайдалануға тыйым салынған саймандар, балықты өлтіруге арналған электр тогының түрлендіргіштері, сондай-ақ төрт қайық тәркіленді.

Экологиялық полиция инспекторлары Сырдария өзенінің маңында көлде балық аулап жүрген Келес ауданының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлады Түркістан облысы ДП баспасөз қызметі. Полиция браконьерлерден 100 келіден астам сазан, моторлы қайық және балық аулау торларын тәркіледі. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазірдің өзінде "Уылдырық" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 170-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркеуге алынды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров