Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін елден шығаруға тыйым салынды

Express Qazaqstan

gruzoviki.com

Еліміздің Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін елден шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салды, - деп хабарлайды «Экспресс К» министрлік ақпаратына сілтеме жасап.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында ҚР Энергетика министрлігі автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген және техникалық шарттарға сәйкес орнатылған бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгіщзілді.

Осыған қатысты "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрық қабылданды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров