"Sinopharm" компаниясының 750 мың доза вакцинасы жеткізіледі

Express Qazaqstan

© Reuters

БАӘ-де өндірілген "Sinopharm" компаниясының COVID-19 қарсы вакцинасының негізгі партиясы Қазақстан өңірлеріне 750 мың доза көлемінде түседі, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

"Бүгін біз "Sinopharm"компаниясының қытайлық технологиясы бойынша өндірілген қосымша Араб вакцинасын аламыз. Қазір біз бұл вакцинаны күтіп отырмыз, ол Қазақстан өңірлеріне келіп түседі. "Самұрық-Қазына" қорынан басқа, негізгі партия ел халқына бағытталады, шамамен 750 мың доза, олар өңірлерге біркелкі бағытталады", — деді Цой жұма күні ел тұрғындарымен есептік кездесуде.

Осылайша, министрдің айтуынша, вакциналау үшін үш вакцина қолжетімді болады — Қарағанды фармкомплесінде өндірілген ресейлік "Спутник V", Қазақстандық QazVac және "Sinopharm"компаниясының Hayat-Vax вакцинасы.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі БАӘ-де өндірілген және "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының қаражатына сатып алынған "Sinopharm" компаниясының COVID-19 қарсы вакцинасын бастапқыда холдинг қызметкерлері, содан кейін барлық тілек білдірушілер алатынын хабарлаған болатын.

Hayat-Vax вакцинасы алдын ала толтырылған шприцте немесе құтыда инактивацияланған деп хабарланды. Оның сақтау шарттары +2-ден +8 градусқа дейін. Бір адамға 14 күн аралықпен екі дозаны енгізу ұсынылады.

"СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы "Самұрық-Қазына" холдингінің тапсырысы бойынша және қаржысына 500 мың адамды вакцинациялауға арналған Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды. Вакцинаның бір дозасының құны 31,1 долларды құрады.

30 сәуірге дейін Қазақстанға 400 мың доза, мамырда 600 мың доза түседі деп жоспарланған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров