Баға қайда барасың?

Жарас КЕМЕЛЖАН

pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы әр айдағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын жариялайды. ЭкспрессК тілшісі пандемия басталғалы, кейінгі үш жылда (2019 ж, 2020 ж, 2021 ж.) Қазақстанда азық-түлік себетіндегі тауарлардың бағасы қалай өзгергенін салыстырып көрген еді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтар өткен айда азық-түлік себетіне 24,4 мың теңге жұмсаған. Бұл жан басына шаққандағы орташа табыстың 21%-дан астамы. 2020 жылғы наурызда бұл сома 21,9 мың теңге (19,9%) болған.

2021 жылы наурызда азық-түлік тауарларының бағасы бір жыл бұрынғыға қарағанда 11,2% өскен. Ал 2015 жылдағы бағамен салыстырғанда 57,5% өскен.

Өткен айдағы бағаны 2020 жылдың наурызындағы бағамен салыстырғанда қант 30,2%, жұмыртқа 34,2%, өсімдік майы 42,9%, жармалар 25,7% қымбаттаған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров