«Қазақстанның 100 жаңа есімі» талайды танытты

Express Qazaqstan

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты, -деп хабарлайды "Экспресс К" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарын құттықтап, олардың өз дарынымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлекетімізді өркендетуге айырықша үлес қосып келе жатқанын айтты. Олар біздің халқымыздың мақтаныштары, өзге елдер Қазақстанды осы азаматтар арқылы танып, бағалайды.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Осы уақытқа дейін "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына 7,5 мың адам қатысып, еліміз талай талантты, талапты қазақстандықтардың атын таныды.

— Осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю бақытын сыйлаған дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды. Жобаның 2019 жылғы қатысушысы Иманбек Зейкенов жақында ғана "Grammy" сыйлығын жеңіп алып, оның аты бүкіл әлемге жайылды. Оның жетістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдесіз. Жобаның төртінші маусым жеңімпаздарының жетістіктері де ешкімді бей-жай қалдырмайды, — деді Мемлекет басшысы.

Жобаның әрбір қатысушысына қарата айтқан сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев олардың жетістігі Қазақстан табысының көрінісі екенін, олар өздерінің патриоттық әрекеті арқылы барша қазақстандықтарды ынталандыратынын атап өтті.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров