"Мәңгілік полк" шарасы қайтадан онлайн режимде өтеді

Express Qazaqstan

Әлемді шарпыған пандемия екінші жыл қатарынан "Жеңіс күні" мерекесін дәстүрлі түрде атап өтуге мүмкіндік бермей келеді. Биыл да Salem social media тағы да онлайн режимінде "Мәңгілік полк" шарасын өткізеді.

Кез келген тұрғын өмірден өткен батыр бабаларын еске алып, ардагерлерді құттықтай алады. Содықтан олар туралы мәліметтер мен фотосуреттерді salemsocial.kz/76 мекен-жайына жіберуге мүмкіндік бар.

9 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-де Aitube.kz видеоплатформасындағы Salem social media арнасында 28-ші панфиловшылар саябағында "Мәңгілік" алауда тікелей эфир басталады. Онда құттықтаулар мен жауынгерлердің портреттер көрсетіліп, жеңіске жеткен сарбаздар туралы бүкіл ел аймағына онлайн көрсетіледі.

"Мәңгілік полк" онлайн режимінде екінші рет өткізіліп отыр. Өткен жылы біз 5000-нан астам естеліктер мен фотосуреттер алдық. Желілік шеруді 100-ден астам қазақстандықтар қолдады. Біз "Жеңіс күні" барша халық болып ат салысып қашықтан атап өтуге шақырамыз ", — деді Salem social media арнасының бас директоры Александр Аксютиц.

Тікелей эфир аясында соғыс жылдарындағы әндер орындалады, сонымен бірге үрмелі аспаптар оркестрі Алматыны айналып өтеді. Бұл әр ауладағы ардагерлерімізге қуаныш сыйлап, тікелей концерттер беруге мүмкіндік ашады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров