Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте және 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Express Qazaqstan

pixabay.com

Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте және 10 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

"Күндіз 01 мамырда Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: түнде 01 мамырда топырақтың бетінде 1-3 градус үсік күтіледі", — делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.

2021 жылдың 01-02 мамыр аралығында жаңбыр, кей жерлерде қарқынды күтілуіне байланысты Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қ. маңындағы таулы аудандарда бүйірлі ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. "1 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 1 мамырда күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Түркістан қ.: 1 мамырда шаңды дауыл соғады, екпіні 15-20 м/с", — делінген хабарда.

Күндіз 1 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1 мамырда кей жерлерде үсік 1-3 градус күтіледі. Петропавл қ: күндіз 1 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1 мамырда үсік 1-3 градус күтіледі.

"Түнде 01 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді", — делінген хабарда.

1 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 1 мамырда кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

"01 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 01 мамырда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-18 м/с. Семей қ.: 01 мамырда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-18 м/с", — делінген хабарда.

1 мамырда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров