Түркияда локдаун: туристерге қандай шектеу қойылды?

Express Qazaqstan

abc.net.au

Түркияда коронавирустың таралуына байланысты енгізілген жаңа шектеулер шетелдік туристерге әсер етпейді. Бұл туралы Түркия ІІМ ресми сайтында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқа елдерден келген саяхатшыларға 29 сәуір сағат 19.00-ден бастап 17 мамыр сағат 5.00-ге дейін енгізілген коменданттық сағат талабын орындаудың қажеті жоқ.

Айта кетейік, Түркияда эпидемиологиялық ахуал нашарлауына байланысты 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында толық локдаун болады. Бұл туралы 26 сәуірде ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров