РФ СІМ Қошқарбаев пен Булатовтың ерлігі туралы мақала жариялады

Express Qazaqstan

30 сәуірде олар бірінші болып Рейхстагқа ту тікті.

Ресей Сыртқы істер министрлігі мынадай дерек келтіреді: "150-ші дивизияның жауынгерлік іс-қимыл журналында тіркелгендей, сағат 14: 25-те Қошқарбаев пен Булатов ғимараттың орталық бөлігіне қарай етбеттеп сырғи өтіп, орталық кіреберістің баспалдағына қызыл жалауды ілген. Бұл азат етуші-сарбаздардың қолымен Рейхстагқа көтерілген ең алғашқы Жеңіс туы болды.

РФ Сыртқы істер министрлігінің иллюстрациясы (Булатов пен Қошқарбаев)
РФ Сыртқы істер министрлігінің иллюстрациясы (Булатов пен Қошқарбаев)

Рейхстаг баспалдағына желбірей тігілген қызыл ту кеңес жауынгерлерін жігерлендірді. Сол 30-шы сәуірдің кешінде 674 және 756 полк жауынгерлері фашистерге тойтарыс беріп, ғимаратқа басып кірді. Ал, түн ауа лейтенант Берест, сержант Кантария және Қызыл Армия жауынгері Егоров неміс мергендерінің қырағылығынан еш қаймықпастан фашистердің бас ордасына Жеңіс Туын тікті.

Болған жағдайды аты аңызға айналған лейтенант былай еске алады:

  • "Комбат Давыдов мені терезе алдына алып келіп, " Анау тұрған Реихстагты көрдің бе? Қасыңа адамдар ал да, туды тігуге оқтал"-деді. Содан соң маған нығыздалып қара қағазға оралған салмағы әжептәуір болатын туды қолыма ұстаты. Мен бір топ барлаушыны ертіп терезеден секіріп кете бардым"

Көп ұзамай атыс-шабыс басталды, айнала өртке оранды.

Ал Рақымжан Қошқарбаев өзінің естелігінде былай дейді: — Менің қасымда бір жауынгер болды. Ол Григорий Булатов еді. Ол менен "Жолдас лейтенант не істейміз?" деп қайталап сұрай берді. Біз екеуміз суға толы шұңқырдың ішінде бой тасаладық. Мен оған " Қане аты-жөнімізді туға жазайық" деп ұсыныс айттым.

Міне олар сөйтіп сол жатқан жерде лейтенанттың қалтасында жүрген қарындашпен "674 полк, 1 — батальон" және өздерінің аты-жөнін қысқаша "Л-т Кошкарбаев, кр-ц Булатов"-деп жазады.
Міне олар сөйтіп сол жатқан жерде лейтенанттың қалтасында жүрген қарындашпен "674 полк, 1 — батальон" және өздерінің аты-жөнін қысқаша "Л-т Кошкарбаев, кр-ц Булатов"-деп жазады.

— Біз ол жерде қараңғы түскенше жаттық. Содан кейін артилерриялық әзірлік басталды оқ атылған бойда біз Рейхстагқа ұмтылдық. Мен Булатовты демеп аяғынан тік көтеріп тұрдым, сөйтіп екінші этаждың жоғарғы тұсына туды ілдік,

деп Қошқарбаев ойын түйіндейді.

Кейін қос батырдың өмірі әр қилы болды. Соғыс біткен соң 20 жастағы Григорий Булатовқа зорлық жасамақ болды деген айып тағылды. Оқиға Берияның саяжайында және сол "сұр кардиналдың" қасақана ұйымдастыруымен жүзеге асты деген болжам бар. Салдарынан кешегі батыр бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Булатов түрмеден босап шыққан соң да әділетсіздікті жеңе алмады.

Ол 1973 жылы Қошқарбаевқа жазған соңғы хатында өзінің өмірінің жақсы еместігіне налыған.

Қошкарбаев соғыстан аман-есен оралғаннан кейін бірнеше кітап жазды, сондай-ақ, 20 жыл уақыт, яғни өмірінің соңына дейін "Алматы" қонақүйін басқарды. Батырдың қызының айтуынша, ол ештемеге мойыған емес. Майдангердің достары үнемі оның қасынан табылатын. Рақымжан Қошқарбаев өзінің жасаған елігінің неліктен мәжбүрлі түрде ұмытылғанын түсінді, себебі ол қасақана қуғын-сүргінге ұшыраған байдың ұлы болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров