Қазақстан
COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 322695, ЖАЗЫЛҒАНДАР 276977, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 3699


pixabay.com
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 877 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады жұма күні Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір тәулік бұрын республикада COVID-19 оң ПТР-мен 2 мың 853 жағдай анықталды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 322 мың 694 covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
- Алматы қаласында — 54516 (+697),
- Нұр-Сұлтан қаласында — 45698 (+570),
- Шығыс Қазақстан облысында — 24943 (+97),
- Қарағанды облысында — 23590 (+235),
- Атырау облысында — 21946 (+83),
- Алматы облысында — 21334 (+210),
- Павлодар облысында — 20838 (+165),
- Батыс Қазақстан облысында — 19340 (+155),
- Ақмола облысында — 18444 (+148),
- Қостанай облысында — 14737 (+28),
- Солтүстік Қазақстан облысында — 13999 (+25),
- Шымкент қаласында — 9436 (+105),
- Ақтөбе облысында — 9231 (+117),
- Жамбыл облысында — 7885 (+71),
- Маңғыстау облысында — 5735 (+60),
- Түркістан облысында — 5439 (+24),
- Қызылорда облысында — 5584 (+87).
ВАК мәліметінше, республикада пандемия басталғаннан бері 276 мың 977 адам коронавирустық инфекциядан емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 3 мың 062 адам.
Бөлісу