Шекарашылар 820 млн теңгеден астам экономикалық залалдың алдын алды

Express Qazaqstan

inbusiness.kz

Браконьерлік торлардан 420-дан астам бекіре тұқымдас балық, 11 040-тан астам ұсақ балық және 21 итбалық шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметінің хабарлауынша 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша департаменттері Каспий теңізі акваториясында жүзудің қолайлы режимін қолдау, браконьерліктің жолын кесу және су биологиялық ресурстарын қорғау бойынша бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде.

Шекарашылар мемлекеттік шекара режимін бұзған 56 адамды, аумақтық және ішкі су режимін бұзған 85 адамды, су ығыстыруы әртүрлі жүзу құралдарының 43 бірлігін, 220 мың метрден астам желілер ұстады. 820 млн теңгеден астам сомаға экономикалық залалдың алдын алды, құқық бұзушыларға 3,5 млнтеңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров