Алакөл ауданында көпірді су шайып кетті

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Алматы облысының Алакөл ауданында Лепсі ауылы маңындағы көлік өтетін көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды "Экспресс К"

Облыста соңғы үш күнде ауа-райы бірден қатты ысып кетті, ауа температурасы тіпті 30 градустан жоғары болды. Бұл таудағы қалың қардың еруіне әкелді. Ал жұма күнгі кештен бастап қатты жаңбыр жауа бастады. Мұның барлығы Лепсі өзенінде су деңгейінің күрт көтерілуіне әкелді. Алакөл ауданының жол қызметтері өзендегі су деңгейінің төмендеуін күтпестен, табиғи апаттың салдарын жоюға кірісті. Жақын күндері автокөліктердің бұл көпірмен өтуі екіталай, әзірге рұқсат берілмейді. Бірақ жаяу жүргіншілерге еш кедергі жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров